Абай облыстық ПД-да ІІО ардагерлері мен жас қызметкерлер кездесті
Абай облыстық ПД-да ІІО ардагерлері мен жас қызметкерлер кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір кездергі ішкі істер органдарының қызметкерлері қазіргі уақытта еңбек сіңірген ардагерлер және бейнеттерінің зейнетін көріп отырған жандар. Ардагерлердің көпшілігі полициямен байланысын толығымен үзбеген және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жас буыны үшін тәлімгерлік қызметті жүзеге асыра отырып, өз үлестерін қосуды жалғастыруда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша ішкі істер органдарының үш мыңнан астам ардагері бар. Жас қызметкерлерге практикалық көмек көрсету, патриоттық тәрбие беру мақсатында Абай облысы полиция департаментінің әрбір аумақтық бөлімшесінде ардагерлер кеңесінің төрағасы – мүшелері бекітілді. Ешқандай маңызды іс-шара олардың тікелей қатысуынсыз өтпейді. Тәлімгерлік қызметті ұйымдастыру мәселесі ішкі істер органдарының кадр саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
2024 жылдың басынан бастап Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарына 100-ден астам ұлдар мен қыздар қосылды. Құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасудың барлық кезеңдерінен жауапкершілікпен өтіп, қызметке үміткерлер ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәртебесін алды. Жас тергеушілер мен анықтаушылар, учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдер алғашқы материалдар мен құжаттарды өз қолдарына алып, оларға алғашқы нұсқаулар мен тапсырмалар жүктелді. Осындай жауапты кезеңде жас тәртіп сақшыларына көмекке тәжірибелі полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері атынан тәлімгерлер келеді.
Полиция қызметкерлерінің барлық жетістіктері кітаптар, журналдар мен газеттер беттерінде көрініс тауып, сақталып, жас ұрпаққа беріліп отырады. Осы жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған кадет сыныптарын ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Біздің облыстың жеті қызметкері, адамдарды құтқарып қылмыскерлерді ұстау барысында қайғылы жағдайда қаза тауып, өз өмірлерін қиған.