Абай облыстық ПД қызметкерлері әскери-техникалық мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде
Абай облыстық ПД қызметкерлері әскери-техникалық мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері құқық қорғау органдарына жас әрі қабілетті кадрларды тарту мақсатында белсенді жұмыстар атқаруда. Осы бағытта олар әскери-техникалық мектеп оқушыларымен кездесіп, полицияға жұмысқа орналасу және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Абай облысы ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Асхат Слямов пен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының орынбасары Қуаныш Кабышев еліміздің жетекші оқу орындары – Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының білім беру бағдарламаларымен таныстырды.
Олар әр оқу орнының артықшылықтары, негізгі пәндері мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Кездесу барысында әскери мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытып, оқуға түсу талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және диплом алғаннан кейінгі қызметтік перспективалар туралы толыққанды ақпарат алды.