Абай облыстық ПД ЖҚАЖ жауынгерлері Лоу-кик турнирінің жеңімпаздары атанды
Абай облыстық ПД ЖҚАЖ жауынгерлері Қазақстанның Лоу-кик турнирінің жеңімпаздары атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Балқаш қаласында балалар, жасөспірімдер, әйелдер мен ерлер арасындағы Лоу-кик бөліміндегі ең мықтылар турнирі өтті. Жарысқа Астана, Алматы және еліміздің 14 облысынан спортшылар қатысты.
Семей қаласынан келген 27 жастағы жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Саят Тұрысбеков бірінші орынды иеленді. Ол 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Саят бала кезінен спортпен айналысады. Кикбоксингтен екі дүркін Әлем және Азия чемпионы. Ішкі істер органдарында аға лейтенант 2021 жылдан бастап жұмыс істейді.
ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Бекзат Қайдаров ауыр салмақ дәрежесінде (+92 келі) күміс медаль жеңіп алды. Бекзат қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан турнирлерінің жүлдегері.
Тығыз жұмыс кестесі біздің жауынгерлеріміз Тұрысбеков Саят пен Қайдаров Бекзатқа өздерінің спорттық шеберліктерін жетілдіруге және шыңдауға кедергі келтірмейді.