Абай облыстық ҚАЖД-да сотталғандар әділет департаментінің өкілдерімен кездесті
Абай облыстық ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға әділет департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі жоғары мекемесінде сотталған азаматтардың әділет департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Ашық диалог форматында өткен кездесуге әділет департаментінің бас маманы Төлеубек Санжар, сот орындаушы Алмас Мұқышев, Заң кеңесшісі Дана Хамитова қатысты.
Кездесу барысында әділет департаментінің мамандары жазаны өтеу тәртібі, шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндіктері, құжаттарды қалпына келтіру, алимент және азаматтық-құқықтық мәселелер (меншік дүниелерін рәсімдеу, неке қию мен неке бұзу) бойынша кеңінен ақпарат берді.
Сондай-ақ сотталғандар жеке сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша құқықтық кеңес алды.
Кездесудің мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауатын арттыру, оларды толғандыратын мәселелерді тыңдау және заң аясында түсіндіру жұмыстары болған кездесуге барлығы 70 сотталған азамат қатысып өздерінің көкейтесті сұрақтарына нақты жауптар ала алды.
Әділет департаментінің өкілдері барлық сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауап беріп, кейбір мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.
– Осындай кездесулер арқылы біз сотталғандарға құқықтық көмек көрсетіп, олардың болашаққа сеніммен қарауына жағдай жасаймыз. Мұндай кездесулер сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың заң алдындағы жауапкершілігін түсінуге оң әсерін тигізеді, – деді мекеме бастығы Аслан Нұрбеков
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табады.
