Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті
Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың желтоқсан айында қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 түзеу мекемесінің кадр және тәрбие жұмыс бөлімшесінің бастығы А.Исмайлова жоспар бойынша жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаға міндет» атты тақырыпта жемқорлықтың алдын алу бойынша арнайы іс-шара өткізді.
Шара барысында мекеме бастығы Аслан Нұрбеков сөз сөйлеп, жеке құрам қызметкерлеріне қызмет бабын асыра пайдаланудың соңы орны толмас үлкен өкінішке акелетінін, әрбір мекеме қызметкері жемқорлыққа қарсы заңды басты орында ұстанып, өздеріне жүктелген міндетті адал атқару керектігі жөнінде қатаң тапсырды.
Іс-шарада мемлекет басшысының 2022-2026 жылдарға арнап бекітілген сыбайлас жемқорлықақа қарсы саясат тұжырымдамасымен қоса оны іске асыру жоспарында құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check тетігі туралы да пысықталды.
Сонымен қатар мекеменің жеке құрамына тәрбиелік мәні зор «Ловушка таракана» хроникалық деректі фильмі көрсетіліп, осы фильм арқылы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіне өзіндік ой түйіндетті. Фильм мазмұны, жемқорлықтың жетегінде кетіп, ақшаға құныққан учаскелік полицейдің ақша үшін жасаған қылмысы бойынша ұсталып, өмірінің қор болғаны жайында баяндалады.