Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ҚАЖД мен ТЖД бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді

Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 қауіпсіздігі орташа мекемесінің қызметкерлері Абай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Жарма ауданының №14 мамандандырылған өрт-құтқару бөлімімен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме аумағына Жарма ауданы ТЖД өрт сөндіру-құтқару бригадасы шақырылды.

–  Жаттығу сценарийі бойынша ғимараттың екінші қабатынан шартты өрт анықталды. Біз дайындық бойынша барлық сотталғандар мен қызметкерлерді мекеме ғимаратынан эвакуацияладық. Сотталғандардың бірін өрт сөндірушілер құтқаруға мәжбүр болды. Себебі ол түтінді ғимараттан өздігінен шыға алмады,-деді мекеменің тәртіп бөлімінің бастығы Мақсат Адамов.

Өрт сөндіру қызметкерлері жауынгерлік орналастыруды жүргізіп, өртті жоюға кіріскен. Шартты өрт орнына бірнеше минут ішінде өртті сөндіру бойынша 14-ші мамандандырылған бөлімнің күштері мен құралдары келді. Тәжірибелі өрт сөндірушілер ғимаратқа жедел барлау жүргізіп, өрт ошағын жойды. Зардап шеккен сотталғандар мен жеке құрам қызметкерлері болған жоқ, бұл мекеме қызметкерлерін төтенше жағдайларға дайын екендігін көрсетті.

Эвакуация уақыты – 6 мин 05 секунд болды. Қызметтік үй-жайлар мен тұрғын аймақты тексеруден кейін ғимаратта адамдар болған жоқ, барлық электр жабдықтары тоқ көзінен ажыратылып, терезелер мен есіктер тығыз жабылғандығы анықталды.

Өрт сөндірушілер өрт сөндіру техникасының қалай жұмыс істейтінін көрсетіп қана қоймай, өрт сөндіргішті қалай дұрыс пайдалану керектігін де көрсетті.

Жарма ауданының ТЖ бастығы К.Төлеуғазиннің баяндамасы бойынша жеке құрамды ғимарат пен тұрғын аймақтан эвакуациялау сәтті жүргізілді, эвакуациялау уақыты маңызды мәннен аспады. Қауіпсіздік техникасы сақталды.

Практикалық жаттығу аяқталғаннан кейін мекеменің жеке құрамы жұмысты күн тәртібіне сәйкес жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру