Абай облыстық ҚАЖД қызметкері аязды күні тұрғынды үйіне жеткізіп тастады
Абай облыстық ҚАЖД қызметкері қатты аязда жол бойымен келе жатқан қарт әйелді тоңдырмай, үйіне жеткізіп тастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Не көлік, не қоғамдық автобус болған жоқ. Тұрғынға үйге жету керек болды. Аязды күні жол бойымен келе жатқан әйелді ҚАЖД қызметкері байқаған.
– Мен ауылға қарай бет алдым, айналма жолда жол жиегінде келе жатқан әйелді байқадым. Ол қол көтеріп, көлік тоқтатпақ болды. Алайда жүргізушілер тоқтамады. Мен жанынан өтіп кете алмадым, – дейді №21 мекеменің кадр бөлімінің аға инспекторы Бекзат Манапов.
– Мен 60 жастамын, жұмыстан кешкі 7-ден кейін шықтым. Автобус күттім, инфобус картасы бойынша менің бағытыма автобус болмады. Қараңғыда түк көрінбеді, мен келесі аялдамаға дейін жаяу баруды шештім. Көп көлік өтті, бірақ ешқайсысы тоқтамады. Тек жас қызметкер ғана тоқтап, үйіме жетуге көмектесті. Осындай қатты аязда далада қалдырмаған ҚАЖ қызметінің қызметкеріне алғысымды білдіремін. Азаматтарға қамқорлық көрсеткендеріңізге рақмет. Осындай ақкөңіл, жанашыр жігіттер көп болсын, – деп бөлісті әйел.