Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ардагерлер мен жас қызметкерлердің ата-аналарының қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. ҚАЖ департамент бастығының орынбасары Роллан Жұмажанов құттықтау сөзінде ардагерлерге және жас қызметкерлердің ата-аналарына қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, қызметкерлерге адал еңбектері үшін алғыс айтты.

Салтанатты рәсім барысында үздік шыққан қызметкерлер ішкі істер министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды. Министрдің бұйрығымен олар "Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен, "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Барлығы Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің алты қызметкері министрлік марапатына ие болды.

Сонымен қатар, департамент пен оған қарасты мекемелердің 30-дан астам қызметкері департамент бастығының бұйрығымен көтермеленді. ҚАЖ ардагерлері де медальдармен, марапаттарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру