Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері ерекше балалармен кездесті

Көктемнің шырайлы мерекелерінің бірлік күніне орай Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бойынша №23 мекеме ұжымы Қалбатау ауылында орналасқан жұмыспен қамту бөліміне қарасты Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесідегі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп құттықтап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бүгін біз аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы балаларды келе жатқан бірлік күнімен құттықтай отырып, жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің қолымен тігілген жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты. Сондай-ақ мекеменің аумағындағы кондитерлік цехта пісірілген түрлі дәмді тәттілермен қуантты. Мұндай іс-шаралар сотталғандарды болашаққа оң көзқараспен қарауға шабыттандырады. Біз үнемі осы орталыққа барып, балаларды сотталғандардың қолымен жасалған ойыншықтармен қуантамыз. Сотталғандар да бас бостандықтарынан айырылса да, шетте қалмауға тырысады. Қолдарынан келгенше балаларды қуантады, – деді мекеме бастығының көмекшісі Гульбахрам Закимова.

Қазіргі уақытта әлеуметтік орталықта әлеуметтік көмекке мұқтаж 23 бала мен кәмелетке толған мүгедектігі бар 23 жанға әртүрлі қызмет түрі көрсетіліп отыр.
Сонымен қатар орталық басшысы келген қонақтарды әлеуметтік орталықтың күнделікті тұрмыс тіршілігімен таныстырып, осында қызмет атқаратын мамандардың жұмысының маңыздылығын ескере кетті.

Кездесу соңында қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері – Гульбахрам Закимова мекеме ұжымының атынан орталық мамандарымен қызмет алушыларға төзімділік пен алдағы уақытта болашақтары жарқын болусын деп тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру