Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы әйелдер колониясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шара сотталғандар үшін ерекше мәнге ие — ол аз да болса туған-туыстарымен қауышып, жақындарының қолдауын сезінуге мүмкіндік береді. Осы күні колонияға еліміздің әртүрлі қалаларынан сотталғандардың 140-тан астам  туысы келді.

Ең толқытқан сәт – 25 жастағы ана мен оның 11 айлық баласының кездесуі болды. Әйел адам алаяқтық бойынша сотталған, ал баласы тергеу изоляторында дүниеге келген. Бүгін, арада 11 ай өткен соң, әйел алғаш рет баласын кеудесіне басты.

Бұл кездесу тек сәбидің әжесін ғана емес, өзге сотталған әйелдерді де терең тебірентті.

— Біздің бақыт — олардың бірге екенін көру. Бір сәтке болса да, бұл естелік жүрегімізде ұзақ сақталады, — деді туыстары.

Мерекенің ерекше сәттерінің бірі — сотталғандардың балаларының өнер көрсетуі болды. Олар аналарына арнап “Ана” әнін орындады. Әр жолы әйелдердің жүрегіне жетіп, ең қымбаттыны — барлық кедергіден биік аналық махаббатты еске салды.

— Ашық есік күні — отбасы мен жақындары сотталғандар үшін ең үлкен тірек. Мұндай кездесулер рухани бірлікті сақтауға, болашаққа сенім ұялатуға көмектесіп, табысты әлеуметтік бейімделудің маңызды қадамына айналады, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру