Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Республика күніне арналған спорттық іс-шара өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Республика күніне арналған спорттық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде Қазақстан Республикасы күніне орай сотталғандар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың дене дайындығын арттыру, денсаулығын нығайту және спорттық рухын көтеру болды. Бағдарлама аясында армрестлинг, шайнек көтеру және штанга тарту секілді танымал спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

Жарысқа 100-ден астам сотталған қатысты. Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдық пен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Әр қатысушы өз мүмкіндігін сынап, қарсыластарына құрмет танытып, табандылық пен ынтасын паш етті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталды.

— Мұндай іс-шаралар сотталғандарды спортқа баулып, тәртіпке үйретеді әрі мінез-құлықтарындағы оң өзгерістерге ықпал етеді, — деді мекеме бастығының орынбасары Жасұлан Арынов.

Жарысқа қатысушылардың бірі де өз әсерімен бөлісті:

— Маған жарысқа қатысу өте ұнады. Бұл өз күшіңді сынап, ұжымның қолдауын сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар бізге жақсы формада болуға және оң өзгеріске ұмтылуға көмектеседі, — деді ол.

Тәжірибе көрсеткендей, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді өткізуге, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын нығайтуға және түзеу мекемелеріндегі жалпы ахуалға оң әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру