Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сурет байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сурет байқауы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесінің қызметкерлері “Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды” атты сурет байқауын ұйымдастырды.

Байқауға мекеме қызметкерлерінің 7 жастан 12 жасқа дейінгі он баласы қатысты. Әр бала ұсынылған тақырыптарға шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарады.

Қазылар алқасы жұмыстарды бірнеше критерий бойынша бағалады: тақырыпқа сәйкестік, көркемдік әсері, идеяның ерекшелігі және орындау сапасы. Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Байқау ережелерінің талаптарына сәйкес ең жас қатысушылар арасында жеңімпаз деп 12 жастағы Әмира Серикова танылды. Оның анасы сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі отрядының бастығы болып қызмет атқарады.

— Әр жұмыс — шынайы жүректен шыққан алғыс хаты сияқты. Балалардың тақырыпты шынайы сезініп, жанын салғаны көрініп тұр. Мұндай байқаулар жас ұрпақтың дұрыс өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді, — деді мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Анар Сабиева.

— Бұл — балаларымызға бейбіт өміріміз үшін жанын қиғандарды есте сақтау — қасиетті парызымыз екенін еске салудың тамаша мүмкіндігі. Жас ұрпақ Ұлы Отан соғысының батырларын, сондай-ақ ауыр сынақтардан өткен қарапайым адамдарды білуі тиіс, — деп бөлісті байқау ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру