Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде үстел теннисінен турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа 30-дан астам сотталған қатысты. Қатысушылар өздерінің жақсы дене дайындығын, жеңіске деген жігерін және салауатты өмір салтына ұмтылысын көрсетті. Турнир әділ бәсеке мен өзара құрмет жағдайында өтті.

Төрешілік етуді Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері жүзеге асырды. Бұл жарыстың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етті.

Мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша спорттық турнирлер сотталғандардың дене және психологиялық саулығын нығайтуға, тәртіп пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қатысушылар алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шараларға қатысуға ниетті екендерін білдірді.

Мекеме басшылығы спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру