Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың орташа қауіпсіздік мекемесінде 400 мың теңге мен екі USB құрылғысын жеткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің Семей қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде режим бөлімінің қызметкерлері 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына ақша қаражаты мен екі USB құрылғысын жеткізу әрекетінің жолын кесті.

Мекеменің өндірістік аймағына жүк жеткізу үшін келген ЗИЛ автокөлігін тексеру барысында көлік кабинасындағы қолғап салатын жәшіктен жасырылған шамамен 400 мың теңге көлеміндегі ақша қаражаты мен екі USB құрылғысы анықталды.

- Семей қаласының 22 жастағы тұрғыны болатын жүргізушінің айтуынша, ақша қаражаты мен USB сымдарын мекеме аумағына жеткізуді өзіне жақын таныс емес ер адам өтінген. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады режим бөлімінің орынбасары Қуаныш Әлмадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру