Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның пробация қызметінде шахматтан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның пробация қызметінде шахматтан турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің қабырғасында ерекше әсерлі де маңызды оқиға – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың балалары арасында шағын шахматтан турнир өтті. Турнирге орталықтың ең жас спортшылары – 6 мен 9 жас аралығындағы балалар қатысты.

Қатысушылар өздерінің жасына қарамастан, керемет жинақылық, төзімділік және логикалық ойлауды көрсетті. Нағыз интеллектуалдық шайқас шахмат тақтасында өрбіді, онда әрбір фигура тек ереже бойынша емес, нақты стратегиямен жүргізілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар мен олардың туыстарының әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді, сондай-ақ қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда, оңалтуға және қоғамға интеграциялауға бағытталған бастамаларды қолдауда маңызды рөл атқарады.

Шара соңында шағын турнирдің барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен және тәттілермен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру