Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның қауіпсіздігі орташа мекемесінде алғаш рет неке қию рәсімі өткізілді
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде алғаш рет неке қию рәсімі өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеменің жедел бөлімі қызметкерлері Семей қалалық "Қос мұнарлы" мешітінің өкілімен бірлесе отырып, рәсімді ұйымдастырды. Іс-шара қазіргі заңнаманың талаптарына және мекемедегі бекітілген тәртіпке сәйкес өтті. Мешіт өкілі рәсімді ислам дәстүріне сай өткізді.
- Менің жасым 35-те. Жұбайыммен ресми түрде екі жылға жуық некедеміз. Басында қарым-қатынасымыз жақсы болатын. Мен қамауға түскен соң, қатынастарымыз біртіндеп суи бастады. Ол менің басқа жолға түскенімді кешіре алмады, сол жол мені осында алып келді. Көп әңгімелескеннен кейін және бір-бірімізге сенім артып, біз бұрын кейінге қалдырған неке қию рәсімін өткізуге шешім қабылдадық. Бүгін мекеме қызметкерлерінің арқасында мен мешіт өкілі алдында ант бердім, босатылған соң біз екі жыл бұрын армандаған өмірді құрамыз және балаларымыз мен өз қолыммен салатын үйде өседі, – деді сотталған азамат.
- Жолдасым осында болған кезде, біздің өміріміз аяқталғандай сезімде болдым. Оның әрекетін кешіре алмадым. Менде ажырасу туралы ойлар пайда болды. Бірақ сүйікті адамыммен сөйлескен соң оған қайта сеніп, рәсімді өткізуге келісім бердім. Біз нағыз отбасы болатынымызға сенім арттым, – деді сотталған азаматтың 28 жастағы жұбайы.
- Сотталғандардың отбасы байланыстарын қолдау және олардың жақындарымен қатынастарын қалпына келтіру маңызды. Бүгінгі рәсім – заңдылықты сақтау мен дәстүрді құрметтеу адамның әлеуметтік бейімделуіне және толыққанды өмірге қайта оралуына қалай ықпал ететінін көрсететін жарқын мысал, – деді мекеме басшысы Женисбек Дауренбеков.
Іс-шара сотталғанның отбасы үшін де, мекеме қызметкерлері үшін де маңызды оқиға болды, өйткені жақындардың қолдауы мен отбасы байланыстарын қалпына келтіру сотталушылардың әлеуметтік бейімделуінде шешуші рөл атқаратынын көрсетті.
- Отбасы құндылықтарының маңызды бөлігі – махаббат, қамқорлық және өзара түсіністік. Отбасының негізі – сүйіспеншілік сезімі. Бұл бір-біріне қолдау көрсету, кемшіліктерді қабылдауды және рухани байланыс сақтауды білдіреді. Махаббат пен түсіністік бар жерде ғана бақытты отбасы құруға болады, – деді "Қос мұнарлы" мешітінің имамы Бауыржан Таубекұлы.
