Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясын өткізді

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған отбасыларға жаңа оқу жылына балаларды жинауға көмектеседі. Биыл облыстың ҚАЖ департаменті мен мекемелерінің қызметкерлері аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті.

Қызметкерлер бұл акцияға бірнеше күн дайындалды: мектеп формасы, аяқ киім, рюкзактар, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, жемістер және басқа да тағамдар алынды. «Мектепке жол» акциясы бүкіл ел бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өткізіледі және жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға демеушілік қолдауды қамтамасыз ете отырып, Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды.

– Осындай акцияларды өткізу қажетті іс-шара. Балалар мерекені сезінуі керек, ең бастысы олардың құқықтары, денсаулығы, өмірі мемлекеттің қорғауында екенін түсінуі керек, – деп атап өтті Абай облыс бойынша ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Марал Қапашева.

Өткізілген акциялардың нәтижесінде 30-ға жуық баланың көңіл-күйі көтеріліп қалды, ал көп балалы аналар өз кезегінде Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің ұжымдарына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру