Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері сотталғандар арасында шахмат турнирін ұйымдастырды

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері сотталғандар арасында шахмат турнирін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті. Іс-шара ресоциализация және әлеуметтік пайдалы белсенділікті дамыту бағдарламалары аясында ұйымдастырылды.

Бас төреші ретінде ҚР ұлттық санаттағы төрешісі  -  Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты жаттықтырушы Мұрат Оқасов шақырылды.

Жарысқа 50-ден астам сотталған қатысты. Турнир бекітілген регламентке сәйкес, қауіпсіздік талаптары мен белгіленген тәртіп толық сақтала отырып өткізілді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жинақылықты және қарсыластарына деген құрметті қарым-қатынасты көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға мақтау қағаздары табысталды. Сондай-ақ үздік қатысушылар белсенді өмірлік ұстанымы мен өзін-өзі дамытуға ұмтылысы үшін мекеме басшылығы тарапынан марапатталды.

– Шахмат – ойлауды, жоспарлауды және шешім қабылдауды үйрететін логикалық әрі стратегиялық ойын. Ол есте сақтау қабілетін, зейінді және сабырлылықты дамытады. Бұл ойын адамды тек тақта басында ғана емес, өмірде де шыңдайды. Сотталғандар үшін шахмат пайдалы әдетке айналуы тиіс деп санаймын, – деді ҚР ұлттық санаттағы төреші Мұрат Оқасов.

– Мұндай жарыстар бізге күнделікті күйбеңнен алшақтап, зейін қоюды үйренуге және өзімізге сенуге көмектеседі. Шахмат дамуға және ішкі тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді, – деді сотталғандардың бірі.

– Осындай бастамалар сотталғандардың бойында конструктивті өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікті және салмақты шешім қабылдай білу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл – босап шыққаннан кейін табысты әлеуметтік бейімделудің маңызды факторы. Мекемеде құқыққа бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған мәдени-демалыс, білім беру және спорттық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру