Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД Ұлттық ұлан қызметкерлерін құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖД Ұлттық ұлан қызметкерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күні қарсаңында Ұлттық ұлан қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қауіпсіздігі аралас мекемелердің өкілдері күнделікті сот үкімімен бас бостандығынан айырылған азаматтарды күзету мен қадағалау қызметін адал атқарып жүрген ұлан сарбаздарының еңбегін ерекше атап өтті.

Мекеме басшысы Аслан Нұрбеков Ұлттық ұлан қызметкерлеріне жазасын өтеушілерді күзету, жұмыс орындары мен орналасу орындарындағы тәртіпті қадағалау, сондай-ақ сотталғандардың туыстарымен кездесуін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді. Ол қызметкерлерді арнайы марапат қағаздарымен марапаттап, олардың қажырлы қызметі қоғам қауіпсіздігіне қосқан елеулі үлес екенін ерекше атап өтті.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өткен жылы мекеме жедел және тәртіп бөлімдері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері бірқатар құқықбұзушылықтардың жолын кесті. Сотталғандарға сәлемдеме немесе сырттан лақтыру арқылы жеткізілмек болған 22 ұялы телефон, 19 қуаттағыш құрал, 700 грамм есірткі заттары және 22 литр алкоголь тәркіленді. Бұл көрсеткіштер жазасын өтеушілер тарапынан орын алуы мүмкін қылмыстар мен тәртіп бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарды.

Ұлттық ұлан сарбаздарының қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау жолындағы адал еңбегі әрдайым құрметке лайық. Олардың ерен қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үлкен жауапкершілікті айқын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру