Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД басшылығы Мақаншы ауданында қызметтік кеңес өткізді

Абай облысы ПД басшылығы Мақаншы ауданында қызметтік кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аблай Нұрымов Мақаншы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, қызмет барысында орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдары талқыланды. Сонымен қатар қызметтік тәртіпті күшейту, заңдылық пен жауапкершілікті арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Аблай Нұрымов Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарына жүктеген тапсырмаларын жеке құрамға кеңінен түсіндіріп, алдағы кезеңде оларды сапалы орындаудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атап, полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен енгізу, цифрлық сервистерді тиімді пайдалану және жасанды интеллект мүмкіндіктерін құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысты ашу бағытында қолдану жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Кездесу соңында жеке құрамға қызмет сапасын арттыру, халықпен өзара сенімді нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

youtube.com/watch?si=AaYme_spVTg8TSuR&v=wceyuhNZYyc&feature=youtu.be

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру