Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД бастығы жұмыс сапарымен Бесқарағай аудандық полиция бөліміне барды

Абай облысы ПД бастығы жұмыс сапарымен Бесқарағай аудандық полиция бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттерін Бесқарағай ауданына жұмыс сапары барысында полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамға жеткізді.

Облыстық ведомствоның бастығы Ішкі істер органдарында қызметтік тәртіпті, моральдық-психологиялық ахуалды және заңдылықты нығайту бойынша жедел кеңес өткізді.

– Полиция қызметін бағалаудың негізгі критерийі “азаматтардың сенімі” болып табылады, мұны мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауларында және ішкі істер министіріде атап өтті. Басым бағыт азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сондай – ақ полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, – деді Бектөре Сұлтан.

Кездесу барысында, ПД бастығының бірінші орынбасары Ернар Базаров кез-келген қызметкер департамент басшылығымен тікелей байланыса алатынын жеткізді, қызметкерлердің өтініштерінің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын және жауап міндетті түрде берілетінін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері әрқашан бақылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру