Абай облысы ПД қызметкерлері студенттерге құқықтық түсіндіру дәрісін өткізді
Абай облысы ПД қызметкерлері студенттерге құқықтық түсіндіру дәрісін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннен күнге нашақорлық мәселесі заманауи қоғамның алдындағы өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі таңда жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігінің профилактикасына көңіл аудару аса маңызды.
Есірткі қылмыстарын ескерту мақсатында Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстың оқу орындарында дәріс жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы жолы олар Семей қаласының геологиялық барлау колледжінде болды.
Колледждің 1 және 2 курс студенттеріне «Есірткілер. Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымының құқықтық салдарлары» тақырыбында құқықтық түсіндіру дәрісі өткізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды және есірткіге қарсы бейнематериалдар көрсетілді.
Одан бөлек, студенттердің құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында колледж жатақханасының ақпараттық тақтасына есірткіге қарсы кітапшалар орналастырылды.