Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары жедел кеңес өткізді

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аблай Нұрымов қала және аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрам жөніндегі орынбасарларымен жедел кеңес өткізді.

Жиын барысында жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма, жеке құрам жөніндегі инспекция, сондай-ақ арнайы жұмылдыру даярлығы басқармасы қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Кеңесте жеке құрамның тәртібі, қызметтік тәртіп пен моральдық-психологиялық ахуал, сондай-ақ кадрлық жоспарлау және жұмылдыру мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, тиісті нұсқаулар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру