Абай облысы полиция департаментінде ҚР ІІМ Басқару академиясының өкілімен кездесу өтті
Абай облысы полиция департаментінде ҚР ІІМ Басқару академиясының өкілімен кездесу өтті, –деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіби өрлеуге жол ашатын мүмкіндіктер қандай? Қызметтік өсу мен кәсіби даму жолында қандай мүмкіндіктер бар? Осы және өзге де сұрақтарға Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ Басқару академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің аға оқытушы-әдіскері Асхат Балтабаев өткен кәсіби бағдарлық кездесу барысында жауап алды.
Кездесу барысында Асхат Балтабаев академия магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып өтті. ІІМ жүйесіндегі жетекші оқу орындарының бірі саналатын академияға қабылдау шарттарына, құжаттарды тапсыру тәртібіне, үміткерлерге қойылатын талаптар мен білім беру бағдарламаларының мазмұнына ерекше назар аударылды.
Жеке құрам өкілдері өзекті ақпаратпен қатар кәсіби даму жолындағы ынталандыруға да ие болды. Бүгінде Басқару академиясы – бұл тек білімді жалғастыру емес, сонымен қатар жаңа басқарушылық белестер мен қызметтік өсу мүмкіндіктеріне жол ашатын маңызды қадам.
Осындай кездесулер ішкі істер органдары қызметкерлерінің зияткерлік және кәсіби әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.