Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы полиция департаментінде үздік анықтаушы анықталды

Абай облысы полиция департаментінде үздік анықтаушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының ПД мәжіліс залында ҚР Ішкі істер министрі мен облыстық ПД бастығының құқықтарымен қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 20-дан астам қызметкер грамоталармен салтанатты түрде  марапатталды. Облыстық ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов алғыс хаттар ұсынған анықтау бөлімшелерінің ардагерлері мен ата-аналары да шетте қалмады.

– Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау, сот ісін жүргізу жүйесін жаңғырту бөлігінде тапсырмаларды іске асырудағы маңызды рөл анықтау бөлімшелеріне жүктелген. Қылмысты ашу және тергеу қызметінің соңғы нәтижелері сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Мұндай жауапкершілік кәсіби шеберлікті үнемі арттыруды, адамдарға мұқият қарауды, қиындыққа тап болғанда көмекке келуге үнемі дайын болуды талап етеді. Дәл осы анықтаушыларлың қажырлы еңбегі заңның үстемдігі, жасалған қылмыс үшін жазаның әділдігі мен бұлтартпастығы қағидаттарын бекітуді қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Елдос Закимов. 

Рейтинг қорытындысы бойынша Бородулиха аудандық ПБ-дан Жанат Әлменов «2024 жылдың үздік анықтаушысы» атағына ие болды. 

Конкурстың жеңімпазы ретінде ол қылмыстық істердің сотқа жіберілуі бойынша, оның ішінде өтелген материалдық залалдар бойынша сандық көрсеткіштер критерийлері арқылы таңдалды. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде сапа мен заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау жөніндегі жұмыс ескерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру