Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы полиция департаментінің қатары жаңа кадрлармен толықты

Абай облысы полиция департаментінің қатары жаңа кадрлармен толықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері полиция қатарына 120-ға жуық қызметкер қабылданды. Жұмысқа қабылданған мамандар ішкі істер органдарының түрлі бағыттары бойынша жұмыс атқаруда. Олардың қатарында патрульдік полиция қызметкерлері, тергеушілер, ЖҚАЖ қызметкерлері, жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар бар.

Жаңа қызметкерлер арнайы кәсіби даярлықтан өтіп, заманауи талаптарға сай білім мен дағдыларды меңгерген. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заңдылықты сақтауға сақадай сай.

Қоғамда құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта кәсіби дайындықпен қатар, жеке құрамның моральдық бейнесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қызметке қабылданған әрбір маман азаматтармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға, өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға ынталы. Ішкі істер саласында тұрақты жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ жас мамандарға берілетін әлеуметтік қолдаулар – бұл салаға қызығушылық танытқан азаматтар үшін үлкен мүмкіндік.

Жаңа буын полицейлердің келуімен Абай облысында құқықтық тәртіпті сақтау жұмыстары жаңа қарқын алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру