Абай облысы ҚАЖД мекемесінде қызметкерлер зейнеткерлік демалысқа шықты
Абай облысы ҚАЖД мекемесінде қызметкерлер зейнеткерлік демалысқа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №19 мекемесінің жеке құрамы плиция күнін салтанатты түрде атап өтті. Салтанатты жағдайда мекеменің бес қызметкері зейнеткерлікке шықты. Енді мекеме бастығы Бауыржан Тоқтыбаев, бастықтың екі орынбасары Нұржан Шидебаев, Мақсат Ихсанов мекеме бастығының кезекші көмекшісі Рүстем Идрышев, арнайы есеп бөлімінің бастығы Индира Оспанова зейнеткер атанды.
Барлық зейнеткерлер қылмыстық-атқару жүйесінде ешбір ескертусіз, шүбәсіз 20 жылдан астам еңбек еткен жандар. Ішкі істер органдарында қызмет атқара жүріп, әрбір қызметкер еңбек сіңірген жылдары қылмыстық-атқару жүйесіне белгілі бір үлес қосты, адал қызметі үшін “Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі” медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мекеменің футбол командасының капитаны Рүстем Идрышевтың арқасында өткен жылдар ішінде мекемелер арасында футболдан облыс чемпион болған мекеме футбол командасын ешкім басып озған емес. Олар жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен білімін мекеменің бірнеше жыл бойы қызметкерлердің басшылығымен жұмыс істеген жас қызметкерлеріне табыс етті.
– Зейнеткерлердің әрқайсысына мінсіз қызметі, жас қызметкерлерге тәлім-тәрбие беріп, тәлімгерлік көрсеткені үшін алғыс айтамыз, – деді мекеме бастығы Аслан Нұрбеков.