Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері мемлекеттік мұражайға эскурсия жасады

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері Тарихқа тағзым күніне орай Абай мемлекеттік мұражайына эскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы” үкімет қаулысының жобасы әзірлеген болатын. Тұжырымдама жобасында Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 14-23 наурыз аралығында 10 күн өткізу жоспарланған.

Мәселен, 17 наурыз – Тарихқа тағзым күні ұлттық құндылықтарды сіңіру, туған өлкенің тарихы туралы түсініктерін кеңейту, Отан тарихын терең білу арқылы өз еліне және жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында ұлттық, тарихи, өлкетану, көркемсурет және әскери мұражайларға экскурсиялар ұйымдастыра отырып тойлау ұсынылған болатын.

Осыған орай Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесіне жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында Абай мұражайының бірнеше залга бөлінген экспозицияларын тамашалады алғашқы үш зал Абай дәуірі “АБАЙ және оның уақыты” экспозициясына бөлінген, екінші бөлімі ақын шығармашылығының негізі болған дереккөздерге арналған. Абай өмірінде оның екі өлеңі ғана жарық көрді – ” Жаз” және “Болыс болдым, мінеки…”. Мұражайдың бір залы осы жұмыстарға толығымен бөлінген. “Жыл мезгілдері” – алтыншы экспозиция залы тақырыптық түрде көрсетілген. Келесі экспозиция – “АБАЙ бейнелеу өнерінде” және “Абай заманындағы Семей қаласының рухани келбеті”. “Абай поэзия мектебі” экспозициясына үш кең зал бөлінген. Ал “АБАЙ және қазіргі заман” экспозициясының қорытынды бөлімі. Мұнда қазіргі заманның көрнекті адамдары Абай, оның адамзат өркениетіндегі маңызы мен орны туралы мәлімдемелер жинақталған. Экскурсия барысында Абай мұражайының экспонаттары туралы түрлі бейнероликтерді көруге, тіпті Абайдың “Қара сөздерін” тыңдауға болады.

Мұражайға барудың басты мақсаты халқымыздың тарихын, атап айтқанда Абай Құнанбаев туралы тарихты білуге деген қызығушылығын ояту, жастардың бойында патриотизм мен өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу болды. Мұражайда болған жас қызметкрлер өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.

Жас қызметкерлерге арналған экскурсиялар – патриоттық тәрбиенің міндетті бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру