Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД мекемесінде көпбалалы қызметкерлердің балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы ҚАЖД мекемесінде көпбалалы қызметкерлердің балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №19 мекемесінің қызметкерлері көпбалалы мекеме қызметкерлерінің балаларын мерекелерімен құттықтады.

Шараға 6 жастан 10 жасқа дейінгі көпбалалы отбасы балалары шақырылды. Олар үшін қызықты ойындар ойнатылды, олар екі командаға бөлініп, бір-бірімен түрлі сайыстарға түсті. Командалардың күштері тең болып, “ДОСТЫҚ” жеңіске жетті. Сайыс соңында ән мен биден шашу шашылды. Кейін мерекеге қатысушылардың барлығына сыйлықтар табыс етілді.

– Бізге бүгін қуаныш сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға рақмет. Балалар бұл мерекені әрқашан асыға күтеді, бұл олардың екінші Жаңа жылы немесе туған күні. Бұл күні әрбір ата-ана баласын қуантуға тырысады, бірақ бұл әрқашан нәтиже бермейді. Біздер мерекеге шақырғанда, қуанып қалдық. Бүгін біз балаларымызды басқа жақтан көрдік, олар мұнда мүлдем танымайтын балалар арасында болды. Бірақ қызметкерлер мерекеге жоғары дәрежеде дайындалып, қызықты кеш ұйымдастырды. Мекеме ұжымына, ауыртпалығы мол жұмыстарына қарамастан, бізге осындай мерекелік көңіл-күй сыйлағандарына мың алғыс айтамыз, – деп аналардың бірі қызметкерлерге алғысын білдірді.

– Жыл сайын біз балаларды мерекелерімен құттықтаймыз, соның ішінде балалар үйлеріне, интернаттарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға барамыз. Биылғы жылы іс-шараларды түрлендіріп, көп балалы отбасы қызметкерлерінің балаларына мереке ұйымдастырдық. Бұл күні қызметкерлеріміздің балалары мен жұбайларымен кездескенімізге қуаныштымыз және бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз, – деді бастықтың орынбасары Айдын Қалелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру