Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері іздеуде болған сотталғанды қолға түсірді

Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері іздеуде болған сотталғанды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 жастағы сотталған әйел 2023 жылдың қараша айынан бері ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып ШҚО қауіпсіздігі барынша төмен N24 мекемеде жазасын өтеп жатқан.

2023 жылдың 18 желтоқсанында ол ҚР ҚАК-нің 143-бабына сәйкес қажетті заттарын алуға шыққан кезінде жазаны өтеуден жалтару мақсатында қашып кеткен.

Аталған сотталғанды жедел-іздестіру шаралары кезінде, жедел ақпарат бойынша, 2023 жылдың 20 желтоқсанында күндізгі сағат 10:00 шамасында Абай облысы бойынша ҚАЖД №21 мекемесінің жедел бөлімшесінің қызметкерлері Семей – Өскемен тас жолында Toyota маркілі таксимен кетіп бара жатқан жерінде құрықтады.

– Енді бұған дейін ұрлығы үшін 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айрылған азаматшаны жазаны өтеуден қашқаны үшін қосымша ҚР ҚК-нің 427-бабына (Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару) сәйкес 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтуде. Және ол алдағы уақытта қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде емес, қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жаза өтейтін болады, – дейді ҚАЖД N21 мекемесінің жедел бөлімшесінің бастығы Елдар Искаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру