Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері ардагерлерді мерекемен құттықтады
Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері ардагерлерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас №19 мекеме қызметкерлері ҚАЖ ардагерлері туралы мерекелік естелік слайд жасап, оларды 1 қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас №19 мекеме қызметкерлері, мекемеден зейнеткерлікке шыққан ҚАЖ ардагерлерін 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай арнайы естелік слайд жасап, заманауи формада құттықтады. Олар ардагерлерді бір-бірін жақсы танитын болғандықтан, олардың қызмет кездеріндегі және демалыс уақыттарындағы фотосуреттерін жинақтап, слайд жасады. Қарт ардагерлер бейнеслайдты тамаша көңілмен қабылдап, ризашылықтарын білдірді.
– Біздің ардагердің үлкені 90 жасқа аяқ басып қалған, есте сақтау қабілеттері төмендеген. Ол кісілер келген адамдармен шүйіркелесіп, өткен әңгімелерін айтқысы келетіні белгілі. Бейнеслайд дәл осы әңгімені бағдарлауға тиімді болды. Оның үстіне заманауи техникамен жасалған слайд олар үшін тансық болғандықтан, қарттар бір жасап қалды, – дейді кадр бөлім бастығы Дидар Жумаханова
– Мен осы мекеменің бастығы қызметін атқарған едім. Жыл сайынғы түрленген құттықтаулардан біз жұбайым екеуміздің жанымызға керемет жылу аламыз. Осындай құрметті, болашақ ұрпақ үшін еңбектеріміз еленгені деп білемін, – дейді жасы 90-ға келіп қалған ҚАЖ ардагері Владимир Лукич.