Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері сотталғанның 5 жылдан астам уақыт көрмеген ұлын тауып берді

Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері сотталғанның 5 жылдан астам уақыт көрмеген ұлын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2008 жылы сүйіктісін қызғанып өзінің құрбысын өлтірген, 53 жастағы Ұржар ауданының тұрғыны сотталған Марина Абай облысы бойынша әйелдер колониясында адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Сот шешімі бойынша 7 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады.

Сотталған Марина Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №23 мекемесіне жазасын өтеу барысында жедел бөлімінің қазметкерлеріне келіп, өз әңгімесінде 5 жылдан астам көрмеген 23 жастағы ұлы бар екенін айтып берді. Алайда, оның қазір бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандығы туралы мәлімет беріп, бірақ қай жерде қай мекемеде екенін білмейтіні туралы айтқан.

Мекеме қызметкерлері сотталған Маринаға көмектесу мақсатында ұлын іздестірді. Кейіннен сотталған Маринанын ұлы Абай облысы бойынша мекемелердің бірінде кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқандығын анықтап берді.
Жедел бөлім қызметкерлері Маринаға ұлының туған күні қарсаңында бейне байланысы арқылы анасы мен баласының кездесуін ұйымдастырды.

Ал басқа сотталған әйелдер, осы болған жағдайды естіп, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен, қажетті заттар мен өнімдері бар сәлемдеме жинау көмек акциясын ұйымдастырды.

Осы акцияға қатысқан әр әйел, өз баласына болмаса да, азғана аналық махаббат пен қамқоршылығын сыйлады.

– Бас бостандығынан айыру орындарында болса да, әр әйел бірінші кезекте ана болып қалады. Менің ұлым кәмілеттік жасқа толса да мен үшін бала. Акцияға қатысқан, маған жанашырлық танытып және қолдау көрсеткен жандардың барлығына рақмет айтамын, – деп сотталған Марина өз эмоциясымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру