Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 100-ден астам полицей марапатталды

Абай облысында "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" — дәл осы ұранмен Абай атындағы театрда Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде ерекше көзге түскен, ерлік көрсеткен және адал қызметімен үлгі болған полицейлерді марапаттады. 100-ден астам қызметкерге ведомстволық медальдар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Салтанатты жиын барысында полиция қызметінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары шақырылды. Марқұмдардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етілді.

- Халыққа қызмет ету — бұл жай жұмыс емес, бұл – батылдықты, төзімділікті, Отанға деген адалдықты талап ететін таңдаулы жол, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – ішкі істер органдарының ардагері, полиция генерал-майоры Геннадий Цимбалдың шынайы лебізі болды. Ол әріптестерін құттықтады.

Бұл күні тек марапат ғана емес, сонымен бірге рух пен ерліктің, адалдық пен жанкешті қызметтің шынайы оқиғалары айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру