Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 2 мыңға жуық экологиялық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында 1800-ден астам экологиялық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жыл басынан бері жалпы пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты 1800-ден астам құқықбұзушылық тіркеліп, олардың жолы кесілді. Бұл деректер "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде анықталды. Игі бастама өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен санитариялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара қолдануда жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі айрықша рөл атқаруда. Қоғамдық орындарға орнатылған камералар нақты уақыт режимінде қоқыс тастау, аумақты ластау секілді әкімшілік құқықбұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері әкімдік, экологиялық қызмет және еріктілермен бірлесе отырып, Семей қаласы мен ауылдық округтерде тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізуде. Бұл жұмыстар тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырумен қатар, заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Тазалықты сақтау – әр азаматтың парызы. Табиғатты аялау арқылы біз өзіміздің өмір сүру кеңістігімізді көркейтіп, ұрпаққа үлгілі орта қалдырамыз. Абай облысын экологиялық тұрғыдан таза, жайлы өңірге айналдыру үшін баршамыздан жауапкершілік пен бірлік қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру