Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 2 мыңнан астам азамат қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Абай облысында 2 мыңнан астам азамат қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтіп жатыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – стихиялық қоқыс үйінділеріне және қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз әкетуге, елді мекендерді абаттандыруға, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын орындардың ластануына қарсы күресті күшейту, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, абаттандыру ережелерін бұзу, жалпы пайдалану орындарын ластау және табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында облыс аумағында табиғат қорғау қызметтерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Акция басталғаннан бері қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін, жасыл желектерді қиратқаны және бүлдіргені үшін 1 152 әкімшілік хаттама толтырылды, 959 азамат жалпы пайдаланымдағы орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды.

Абай облысы полиция департаменті мұндай фактілер тек әкімшілік қана емес, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру