Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 200 полицей "Адай" күйін орындады

Абай облысында 200 полицей "Адай" күйін орындады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара Семей қаласындағы Абай музейінің алдында өтті — бұл халқымыздың рухани құндылықтары тоғысатын қасиетті мекен.

Акцияға 200 полиция қызметкері қатысты. Құқық қорғау саласының өкілдері әйгілі Құрманғазының  “Адай” күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық мұрамызға деген құрметін көрсетті.

Домбыра үні халықтың жүрегіне жол тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл — полиция қызметкерлерінің заң мен тәртіп қана емес, ұлттың рухани болмысына да жақын екенін білдіретін жарқын белгі.

Іс-шара республикалық “Заң мен Тәртіп” акциясы аясында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру