Абай облысында 370-тен астам сауда орны тексерілді
Абай облысында 370-тен астам сауда орны тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара аясында өңір бойынша 370-тен астам сауда нысандары, соның ішінде 220 базар мен 152 азық-түлік емес тауарлар сататын өзге де сауда орындарына тексеру жүргізілді. Рейд барысында санитариялық нормалардың сақталуына, рұқсат етілген құжаттарының болуына, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына назар аударылды. Сонымен қатар сауда орны иелеріне құқықтық түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Профилактикалық шара аясында полиция қызметкерлері кәсіпкерлермен және сауда саласында еңбек ететін азаматтармен кездесулер өткізді. Бұл жердегі басты мақсат – құқықтық мәдениетті көтеру, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы ақпарат беру болды. Кәсіпкерлерге құқықтық-нормативтік құжаттардың мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау – тек бизнес иелері үшін ғана емес, тұтынушылар мен жалпы қоғамның қауіпсіздігі үшін де маңызды екені атап өтілді.