Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 40-тан астам полицей дағдарыс орталықтарына барды

Абай облысында 40-тан астам полицей дағдарыс орталықтарына барып, жұмыстың жаңа тәсілімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеумен тек әйел тергеушілер айналысады. Сондықтан “Абай облысы полиция департаменті тергеушілерінің әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері жөніндегі слеті” атты семинар-кеңестің 2-ші күні экскурсияларға арналды.

40-тан астам полиция қызметкері дағдарыс орталықтарына барып, жұмыстың жаңа тәсілімен танысты. Мемлекет басшысы өз Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға зорлық-зомбылық, оның ішінде жыныстық сипаттағы және тұрмыстық қылмыс жасау фактілерін азайту үшін шаралар қабылдау тапсырылды.

Полиция қызметкерлерінің алдында тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушілерді жаңа психологиялық күйзелістерден қорғау міндеті тұр. Осыған байланысты дағдарыс орталықтарында әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық қылмыстарды тергеу үшін арнайы кабинеттер жабдықталған. Демек, зардап шеккендер енді орталықтан шықпай-ақ куәлік бере алады.

Экскурсия барысында полицейлер де, қоғамдық қорлардың өкілдері де өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді атап өтті, оларды болашақта бірлескен қызметінде пайдаланатындарын айтты. Сондай-ақ, қатысушылар семинардың практикалық бағытын, өз тәжірибесін әріптестерінің тәжірибесімен салыстыру, әдістемелік қоржынды қызықты жұмыс түрлерімен толықтыру мүмкіндігін атап өтті.

Экскурсия соңында Абай облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің полиция қызметкерлері Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Барлық қатысушылар экскурсияға риза болып, тәжірибе алмасу және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл дағдыларын жетілдіру бойынша жаңа семинарларға қатысуға ниет білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру