Абай облысында 500 гр марихуана сақтаған ауыл тұрғыны анықталды
Абай облысында 500 гр марихуана сақтаған ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұрақты күрес жүргізіліп жатыр.
Мәселен Ақсуат ауданынының полиция қызметкерлерімен 43 жастағы ауыл тұрғынының сарайында шұғыл жедел іс-шаралар өткізу барысында үстелдегі алюминий шәйнекте жасырған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заттары бар көп өлшемді орамдар табылды. Сарайдағы үстелде целлофан пакеті табылды және тәркіленді; сол сарайда үстелде өсімдік тектес заттың 2 байламы табылды және тәркіленді, тіпті етіктерде де өсімдік тектес заттары бар қағаз байлам табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес-тәркіленген заттар салмағы 558,44 грамм кептірілген марихуана.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігінің (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.