Абай облысында 80 сотталғанға электронды бақылау құралы қолданылды
Абай облысында есептегі 80 сотталғанға электронды бақылау құралы қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Курчатов қаласының 25 жастағы тұрғыны екі жыл мерзімге ұрлық жасағаны үшін бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалды. Пробация қызметі есебінде бола тұра сот тағайындаған міндеттерді бірнеше рет бұзған, осыған байланысты сотталғанға қатысты пробация қызметкерлерімен электрондық бақылау құралын қолдану туралы қаулы шығарылған. Бір айдың ішінде ғана электрондық бақылау құралы арқылы ақпарат жинау кезінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзудың төрт фактісі анықталған.
– Абай облысының сотымен сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Енді сотталған жазасын яғни, 1 жыл 7 ай өтелмеген мерзімін қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады, – деді Курчатов қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Назым Тохтар .
Абай облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 80 сотталғанға білезік түріндегі электрондық бақылау құралдары қолданылған, қазіргі уақытта қызметкерлермен сот жүктеген міндеттерді сақтамағаны үшін бес материал жинақталған.