Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында абаттандыру ережелерін бұзған азаматтар анықталды

Абай облысында абаттандыру ережелерін бұзған азаматтар анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылуда. Осы жылдың басынан бастап жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы елді мекендер мен қалалар аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзудың 4974 дерегі тіркелді.

Ең көп құқық бұзушылықтар тұрғындар тарапынан тұрмыстық қоқысты, құрылыс қалдықтарын, жиһаз бұйымдарын рұқсат етілмеген жерлерге – көпқабатты үйлердің аулаларына, жол жиегіне, қоқыс алаңдарына тастауға байланысты анықталуда. ЖБО қызметінің тиімділігі мен учаскелік полиция инспекторлары және жергілікті полиция қызметкерлерімен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде құқық бұзушылар жедел анықталып, жауапқа тартылуда.

Полиция азаматтарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және бейжай қарамауға шақырады – қоршаған ортаны ластау фактілері анықталған жағдайда жергілікті полиция органдарына хабарлау қажет.

Қоғамдық тәртіп пен санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күшейтілген режимде жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру