Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында “Айдана” танысын 3,1 млн теңгеге сан соқтырған

Абай облысында “Айдана” танысын 3,1 млн теңгеге сан соқтырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

29 жастағы жергілікті тұрғын полицияға алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Оның айтуынша, 2022 жылдың шілде айында таныс әйел “Айдана” есімімен оған 30 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, 3,1 миллион теңге көлеміндегі жеке қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды – Аягөз қаласының 24 жастағы тұрғыны. Оның жеке басы анықталған кезде, ол басқа қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеу орындарында болған. Әйел өз кінәсін мойындады, алайда ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаражатты жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру