Абай облысында алаяқ грантқа түсіруге уәде беріп, 1,6 миллион теңгені алдап алған
Абай облысында алаяқ грантқа түсіруге уәде беріп, 1,6 миллион теңгені алдап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бородулиха ауданының тұрғыны грантқа түсу мәселесінде алаяқтықтың құрбаны болды. 2024 жылғы маусым айында өзін «Ермекжан» деп таныстырған белгісіз ер адам тұрғынның қызын оқу орнына грант негізінде түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1,6 млн теңге көлемінде ақша иемденген.
19 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындағанымен, алынған ақшаны қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаражатты толықтай жұмсап үлгерген. Тінту кезінде күдіктінің телефонынан алаяқтықты дәлелдейтін жазбаша хабарламалардың скриншоттары табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге шақырту бойынша келу міндеттемесі жүктелді.
Полиция азаматтарға сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Бейтаныс адамдардан күмәнді ұсыныстар түскен жағдайда, олардың заңдылығына көз жеткізбей, ешқандай шешім қабылдамауға шақырады.