Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында алаяқ мүгедектігі бар азаматтың атына несие рәсімдеген

Абай облысында алаяқ мүгедектігі бар азаматтың атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті жәбірленушіге көмек көрсетем деп 1 млн теңгеден астам сомаға түрлі микрокредиттік ұйымдарда несие ресімдеген.

36 жастағы жәбірленушінің анасы полицияға хабарласып, оның баласының мүгедектігі бойынша зейнетақысынан несие өтеуге ақша өндіріле бастағанда ғана несие иесі екенін білгенін айтты.

Полиция көмекшіні ұстады, ол жәбірленушіден ұялы телефон сұрағанын және соңғысының жеке мәліметтерін пайдаланып, интернет-қосымша арқылы оған екі несие бергенін мойындады. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 24 жастағы азамат болып шықты.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру