Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған

Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында 2023 жылдың қазан айының ортасынан бастап алаяқтық схема бойынша азаматтардың өтініштері түсе бастады. Зейнеткерлердің айтуынша, оларға белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы немесе ұлы жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлады. Жалған полицей ақша талап еткен, кейбір жағдайларда жәбірленушілердің кінәлі туысын босату үшін 7 миллион теңге қаражат берген.

Қоңырау шалушы телефонды туысына берген кезде зейнеткерлердің күмәні толығымен таусылған. Қыз немесе жігіт қорқып, дірілдеген дауыспен қарт адамнан көмек сұраған. Тұрғындар алаяқтарға сеніп, ақшаны курьерлерге берген.

Іздеу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анықтап, ұстады. Ол Семей қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында жас жігіттен 1,5 млн теңге сомасында ақшалай қаражат, ұялы телефон, ақшалай қаражатты аудару туралы түбіртек, Telegram мессенджері бойынша хат алмасу тәркіленді.

Полицияға жеткізілген жас жігіт мобильді мессенджер арқылы алған нұсқауларына сәйкес әрекет еткенін айтты. Оның міндеті – көрсеткен мекенжайлар бойынша ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Бұл үшін ол 50-ден 100 мың теңгеге дейін алған.

Қазіргі уақытта полиция қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтап жатыр. 6 арыз бойынша жәбірленушілерге келген шығын – 24 млн теңгені құраған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру