Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ашық қалған гараждан ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Абай облысының Жаңасемей ауданында гараж ұрлығына қатысты қылмыстық іс ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын үйінің аумағындағы гараждан ұрлық жасалғаны туралы арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адам есігі ашық тұрған гаражға заңсыз кіріп, екі дәнекерлеу аппаратын, электрлі велосипед пен қарапайым велосипедті ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 175 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторлары күдіктінің ізіне түсіп, Новобаженово ауылының 49 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция тұрғындарды сақтыққа шақырады. Соңғы уақытта ашық қалған аулалар мен гараждарда сақталған мүлік ұрлық нысанына жиі айналуда.

Тәртіп сақшыларының кеңесі:
Үйлер мен гараждардың есігін үнемі мықтап жабыңыз.

Мүмкіндік болса, бейнебақылау жүйесін орнатыңыз.

Күдікті әрекеттерді байқасаңыз, дереу 102 нөміріне хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру