Абай облысында бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізушілер жауапқа тартылды
Абай облысында бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бағдаршамның қызыл түсіне өту – ең қауіпті заң бұзушылықтардың бірі. Бірақ бұған қарамастан, жүргізушілер көбінесе бағдаршамның тыйым салу сигналдарына назар аудармайды немесе тез өтіп кетуге тырысады.
Жыл басынан бері Абай облысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кеткені үшін 1636 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес 10 АЕК немесе 36 920 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданылады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 15 АЕК немесе 55 380 теңге.
Абай облысы полиция департаменті сіздерден жол қозғалысының барлық ережесін қатаң сақтауды сұрайды.