Абай облысында балық ресурстарын пайдалану қағидаларын бұзған тұрғын анықталды
Абай облысында балық ресурстарын пайдалану қағидаларын бұзған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында республикалық “Браконьер” жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты — табиғатты қорғау, балық шаруашылығы ресурстарын сақтау және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Рейдтік іс-шаралар барысында Бородулиха ауданының Ақши ауылы маңындағы Смародный шығанағында 67 жастағы азаматтың екі қармақпен балық аулап жүргені анықталды. Тексеру кезінде оның 6 килограмнан астам шабақ және алабұға балықтарын аулағаны белгілі болды.
Аталған азаматтың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ. Алайда ол балық аулау ережелерін және балық ресурстарын пайдалану қағидаларын бұзған.
Полиция азаматтарды табиғатты аялауға, экологиялық талаптарды сақтауға және заңмен белгіленген балық аулау ережелерін бұзбауға шақырады.
Құрметті тұрғындар! Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Балық аулау кезінде белгіленген ережелер мен нормаларды сақтау – экожүйенің тепе-теңдігін сақтаудың кепілі. Рұқсат етілмеген уақытта, тыйым салынған құралдармен немесе нормадан артық балық аулау — жауапкершілікке тартылуға әкелетін құқық бұзушылық, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Құқық бұзушылық фактілерін байқасаңыз, жақын жердегі полиция бөлімшесіне немесе "102" нөміріне хабарласыңыз.
