Абай облысында биыл алимент төлемеген 130-дан астам борышкер анықталды
Абай облысында биыл алимент төлемеген 130-дан астам борышкер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аягөз ауданы полиция бөліміне жеке сот орындаушыларынан кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлемеген және оларға 3 млн теңгеден астам қарыз болған алимент төлемеушілерді іздестіруге жариялау туралы 2 қаулы келіп түсті.
Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде борышкерлердің орналасқан жерлерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.
Жыл басынан бері Абай облысы полиция департаментімен 130-дан астам борышкерді анықтаған.
Полиция кызметкерлері атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңды әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.