Абай облысында биыл азаматтарға 50 мыңнан астам жеке куәлік пен паспорт берілді
Абай облысында биыл азаматтарға 50 мыңнан астам жеке куәлік пен паспорт берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі тұрақты негізде маңызды мемлекеттік қызметтердің бірін – Қазақстан Республикасының азаматтарын жеке басты куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
“Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтарының жеке куәлігі болуға міндетті.
Қазазстан Республикасының “Азаматтық туралы” заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжат болып табылады.
Абай облысы аумағында 15 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Осы жылдың басынан бастап 50 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттармен құжатталған, оның ішінде: жеке куәлік – 35 321, төлқұжат – 20 752.